Алматының маңайында отбасымен бірге демалуға шыққан ер адам тау өзеніне батып кетті, деп хабарлайды Life09 ақпараттық агенттігі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Қарасай ауданындағы Қаскелең шатқалында болған. 63 жастағы ер адам отбасымен және достарымен бірге Қаскелең өзенінің жағасында демалған. Сол кезде таудан аққан суға шомыламын деп өзенге кіреді. Бірақ өзен ағысы қатты болды.
"РЖҚЖ жедел тобы ер адамның денесін болжам бойынша құлаған жерінен 1 шақырым жерден шығарып, полиция қызметкерлеріне тапсырды", - дейді құтқарушылар.
Осы орайда құтқарушылар тау өзендерінің жағасында демалғанда қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертті. Негізгі кеңестер:
1. Суға кірмеңіз.
2. Тас үстінде тұрмаңыз.
3. Өзен шетінен аулақ тұрыңыз.
4. Балаларыңызға сақ болыңыз.
5. Жауын кезінде өзен жағасында демалудан аулақ болыңыз.
6. Өз күшіңізді артық бағаламаңыз.