BANNER

Демеу Жадыраев пен қос бапкеріне жерлестері көлік мінгізді

Фото: inbusiness.kz

Жетісу облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласында балуанымыздың құрметіне арнайы іс-шара өтті.

Париж Олимпиадасында 77 келі салмақта грек-рим күресінен күміс жүлде иеленген Демеу Жадыраевты жерлестері сән-салтанатымен қарсы алды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Орталық алаңға жиналған жұрт Демеу Жадраевты құттықтап, ақсақалдар ақ батасын берді. Жаркент жұртшылығы атынан Демеудің анасы Күлипа апамызға, жаңа үйдің кілті табыс етілді.

Демеудің өзіне және қос бапкеріне темір тұлпар мінгізді. Қаржылай сертификат берілді.

Жүлдегердің құрметіне арналған шара Демеу Жадыраевтың кіндік қаны тамған Үшарал ауылында да жалғасын тапты.