BANNER

Астанада ер адам жасөспірімді пышақтады

Фото: el.kz

Астанада бұрын сотты болған ер адам жасөспірімді пышақтаған, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі El.kz-ке сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желіде елордада жасөспірімді үш рет пышақтағаны туралы видео тарады. Қалалық Полиция департаменті аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын, ал күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді.

«Письма президенту» Telegram-арнасы Астанада 15 жастағы жасөспірімді үш рет пышақтағаны туралы ақпарат жариялады. Күдікті бұған дейін сотталған азамат екен.

Тиісті сот сараптамасы тағайындалды, тергеу жүрып жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген мәліметте.

Ал жарақат алған жасөспірімнің анасы жедел жәрдем шақырту түскен соң араға 40 минут салып қана келгенін алға тартты. Абырой болғанда, ол өміріне қауіп төндіретін жарақат алмаған.