«Қазгидромет» синоптиктері 14 тамызда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, – деп хабарлайды LIfe09 ақпараттық агенттігі.
Астанада түнде найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20, кей уақыттарда екпіні 23 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыс, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматыда да күндіз 36 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Жоғары өрт қаупі бар. Қонаев қаласында 14-15 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18-23 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Төтенші өрт қаупі бар.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Ұлытау облысының батысында және солтүстігінде күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, күндіз батыстан соғатын жел батыста, солтүстікте, облыс орталығында екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше жағдай сақталады, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі бар
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ жауып, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с болады. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, күндіз кей уақыттарда жабыр, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі бар.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Абай облысының батысында, орталығында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Шығыс Қазақстан облысында 35 градус қатты ыстық болады. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады. Облыстың орталығында, солтүстігінде күші 15-20 болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Жел батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының тауларында найзағай ойнап, күндіз солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде тауларда, күндіз облыстың солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15- 20 м/с болады. Күндіз облыстың батысында, шөлді аудандарында 41 градус қатты ыстық болады.
Шымкентте солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні – 15-20 м/с.