18 тамызда "Қарағанды – Арена" спорт сарайы алаңында "QARAGANDY Half MARATHON 2024"Қарағанды жартылай марафоны өтеді.
Салауатты өмір салтын насихаттау және халықты дене шынықтыру және спортпен белсенді түрде айналысуға баулу, жеңіл атлетиканы дәріптеуі осы жарыстың негізгі мақсаты болып табылады.
Жарыс бағдарламасына мына қашықтықтар кіреді:
- жартылай марафон 21км 97,5 м;
- 10 км қашықтық;
- 5 км қашықтық;
- 2 км қашықтық;
- 5 км скандинав жүрісі;
- Экиден қашықтығы (командалық эстафета) 21 км 97,5 м.
Жарысқа Қазақстан Республикасының қалаларынан және шет елдерден 3000 аса спортшы қатысады
Жарыстың жалпы жүлде қоры 3890000 теңгені құрайды
Жарысты ұйымдастырушылар-Қарағанды облысының әкімдігі, Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы.