Жақында тұрмысқа шыққан танымал әнші Айгүл Иманбаева күйеуімен қалай танысқанын айтты, - деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Айгүл Иманбаева жеке өміріндегі жақсы жаңалықты алғаш рет "Мамский әңгіме" подкасында ресми жариялады.
"Мен күнделік жазамын. Күйеуімнің ойынан бастап, бойына дейін қандай адам болатынын жазып қойғанмын. Дәл сол нәрсе орындалды. "Менің тойым шетелде болады. Төлқұжаттарыңды дайындаңдар" деп айтатынмын. Сол да орындалайын деп тұр", - деді Айгүл Иманбаева подкастың жүргізушісі Айнұр Ілиясоваға берген сұқбатында.
Айгүл Иманбаеваның күйеуі шетелде тұрады екен және әншіден кіші екен.
"Болашақпен" оқуға кетіп бара жатқанда менің өмірімде ол адам болмады. Англияға барғанда менің ағылшыным өте нашар еді. Айналамдағылар тек ағылшынша сөйлейтін. Ол кезде қайдан жігіт ойлайсың, сабаққа баспен кіріп кеттім. Күйеуім 10 жылдан бері Америкада тұрады. Қызы Лондонда оқиды. Өзім секілді ажырасқан жігіт. Тағдырымыз ұқсас болып тұр. 1977 жылы дүниеге келген. Найман руының жігіті. Бірақ менен алты ай ғана кіші", - деп әнші күйеуі туралы айтып берді.
Айгүл Иманбаева болашақ жарымен қалай танысқанын да жасырмады.
"Ортақ достарымыз арқылы таныстық. Ең алғаш көргенде "мына жігітті 15 жыл бұрын түсімде көрдім" дедім. Телефон алмастық. Менің әртіс екенімді білмейтін болып шықты. ҚазҰУ-дың филология факультетін бітірген. Мен журналистика мамандығында оқығанмын. Екінші мамандығы – ІТ саласы. Бірақ Алматыда кездеспеппіз", - деді актриса.