BANNER

Павел Дуровқа Франциядан шығуға тыйым салынды

Фото: yandex.kz

Telegram негізін қалаушы уақытша кепілге босатылды

Павел Дуровқа Франциядан шығуға тыйым салынды. Сот осындай шешім шығарды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Sputnik.kz-ke сілтеме жасап.

Оған алты құқықбұзушылық, соның ішінде заңсыз транзакциялар жасау мақсатында онлайн-платформаны басқарғаны үшін айып тағылды.

Дуров 5 миллион еуроға (5,5 миллион долларға) кепілге босатылды. Сондай-ақ ол аптасына екі рет полицияға келіп белгіленіп отыруы керек.

Telegram негізін қалаушы заңсыз транзакциялар жасайтын онлайн-платформаны басқарғаны үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.