BANNER

Бүгін Президент Қазақстан халқына жолдауын жариялайды

Фото: yandex.kz

Бүгін Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, - деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі.

Мемлекет басшысы Жолдауын Парламент палаталарының бірлескен отырысында. 

Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам өкілдері және еңбек ұжымдары қатысады.

Президент Жолдауында еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты мәселелер қамтылады.

Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс Төрағасы Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойған еді

Отырыс 2 қыркүйекте сағат 11:00-де Астанада өтеді.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2024 жылғы 2 қыркүйекте сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылсын", - делінген өкімнің мәтінінде.

Қыркүйек айында Қазақстанда жаңа саяси маусым басталады. Қалыптасқан дәстүр бойынша, ол Президенттің Жолдауынан басталады. Кейінгі екі жылда Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа 1 қыркүйекте үндеу жасаған болатын.

Еске салайық, Президент 2023 жылы 1 қыркүйекте Жолдау жасаған болатын. Жолдауда маңызды мәселелер көтеріліп, бірнеше тапсырма берілді. Оның ішінде: 

 

  • Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылды
  • Көлік министрлігі қайта құрылды
  • Ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңгеге көтерілді
  • Ірі кәсіпорындарға 5 жыл сайын аудит жасалатыны айтылды
  • "Келешек" ерікті жинақтау жүйесі пайда болатыны айтылды
  • Кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылық үшін жаза қатаңдады
  • Аудан әкімдеріне жергілікті бюджетті басқару құқығы берілетіні айтылды
  • Air Astana компаниясы халықтық ІРО-ға шығарылатыны айтылды
  • АЭС салу референдум арқылы шешілетіні айтылды
  • 2024 жылы ұлттық төлем жүйесін толық енгізу тапсырылды
  • "Отбасы банктің" қызметін қайта қарау тапсырылды
  • Қазақстанға шетелдік үш банк келетіні айтылды
  • Су тапшылығы қашан сезілетіні айтылды
  • Инвесторлар салықтан босатылатыны айтылды
  • Туризм саласында нақты тапсырмалар берілді
  • "Ұлттық қор - балаларға" жобасы қолға алынды