BANNER

Қытай инвесторы Қазақстандағы астық жобаларына 7 млрд теңге инвестиция салды

Фото: yandex.kz

Қытайлық "Сиан Айджу" корпорациясы агроөнеркәсіптік кластерді дамытуға бағытталған нысандардың құрылысына 6,8 млрд теңге инвестиция салды. Жобалар астықты Солтүстік Қазақстан облысында салынып жатыр, деп хабарлады LIFE09 ақпарат агенттігі Sputnik.kz-ke сілтеме жасап.

2016 жылдан бері осы жоба аясында "Тайынша-Май" ЖШС майлы дақылдарды өңдеу зауыты жылына 300 мың тонна өңдеу қуатымен табысты жұмыс істеп келеді. Зауытта 70-тен астам адам жұмыс істейді.

Кластерді дамыту аясында тәулігіне 300 тонна ұн шығаратын диірмен салынып жатыр.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, корпорацияның жоспарында Солтүстік Қазақстанда қуаттылығы тәулігіне 1 мың тонна өнім шығаратын жем зауытының құрылысы бар.

Сондай-ақ сыйымдылығы 50 мың тонналық астық қоймасын салу жоспарлануда.

Бұл жобаға жалпы инвестиция көлемі 6,8 млрд теңгені құрады, 90 жаңа жұмыс орны ашылады.