BANNER

"Қызметкер дөрекі сөйлеген": Air Astana Бибігүл Төлегеноваға қатысты жайтқа түсініктеме берді

Фото: yandex.kz

Air Astana әуекомпаниясының қызметкері халық әртісі Бибігүл Төлегеноваға дөрекі қызмет көрсетті деген ақпарат шықты. Компания оқиғаға байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Nur.kz-ke сілтеме жасап.

Оқиға 3 қыркүйекте Астана-Алматы бағытындағы рейсте болған. Оқиға куәгерінің айтуынша, компания қызметкері ұшаққа отырғызу кезінде арбаға танылған Бибігүл Төлегенованы тоқтатып, соңынан кіруді қатаң түрде ескерткен. Бұл туралы қазақстандық Facebook желісінде жариялады. 

Жазба авторының сөзінше, сол сәтте ұшаққа арбамен кіруге еш кедергі болмаған. Дәліз адамға толып тұрмады дейді ол. Бибігүл Ахметқызы ұшақтың кіреберісіне дейін мүгедектер арбасымен барып, әрі қарай өздігінен жетпек болған.

Алайда қызметкер әуежай ережесіне байланысты соңына дейін күтуді талап еткен. Әнші 95 жасқа таяп, Астана қаласының Құрметті азаматы болғандықтан, артықшылықтар беру керегі айтылған.

"Қызметкер бұл туралы бәрін білетінін, бірақ ережелер барлығына бірдей, мәртебесіне, жасына және жағдайына қарамайтынын дөрекі түрде айтты. Қызметкерлерге үлкендерді, әсіресе біздің елімізді әлемдік аренада даңққа бөлеген адамдарды құрметтеуді неге үйретпегенін білгіміз келеді. Қарапайым әдеп қайда", - деп жазды куәгер.

Әуекомпаниясы оқиғаға байланысты ресми түсініктеме беріп, компания үшін қауіпсіздік маңызды екенін айтты.

"Авиациялық қауiпсiздiктiң халықаралық ережелерi бойынша аз қозғалатын жолаушыларды отырғызудың басында немесе соңында ұшаққа шақырады. Бұл ереже барлық жолаушыларды отырғызу үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Біздің ақпаратымыз бойынша, ҚР халық әртісі Бибігүл Төлегенова ханым мен оның сүйемелдеуші қызы отырғызу басталғаннан кейін келді, сондықтан әуекомпания агенті отырғызудың аяқталуын күтуді сұрады", - деді Air Astana өкілдері.