BANNER

Семейдегі бағдаршамы жоқ жолда тағы бір адам мерт болды

Фото: kaztag.kz

Семейдің қақ ортасында жұртшылық бұрыннан бағдаршам орнатуды сұрап жүрген жолда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетіп, мерт қылды деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Кaztag.kz мәліметінше, қайтыс болған қыз небары 21 жаста болған. Туыстарының айтуынша, қылмыскер жауапкершіліктен жалтаруға тырысуы мүмкін. Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде көлікті тізгіндеген жас жігіт деген ақпарат пайда болды. Бірақ іске күдікті ретінде оның әкесі тартылып отыр.

«23 қыркүйекте Бозтаев көшесімен Селевин көшесі бағытында келе жатқан Toyota Land Cruiser 200 көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан қызды қағып кетті. Бойжеткен оқиға орнында көз жұмды»,  деп хабарлады Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Сонымен қатар, полиция департаменті жол апатына басқа адамның қатысы бар деген ақпарат шындыққа жанаспайды деп жауап берді. Қазір абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы және көлікті пайдалану ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.