BANNER

Ләйлә Сұлтанқызы оқушы қыздардың вакцинасына қатысты жазбасында медицина деңгейі мен жемқорлық мәселелерін көтерді

Ләйлә Сұлтанқызының фотоархивінен

Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы жатыр мойны обырына қарсы вакцина алу қажеттігін айтып, жазба жариялады.

Оның бұл үндеуі ата-аналар мен қоғам белсенділерінің наразылығын туғызды. Журналист вакцинаның вирусты жеңудің жалғыз жолы екенін, Қазақстанда жатыр мойны обыры әйелдер арасында жиі кездесетінін атап өтті.

“Әсіресе қыз тәрбиелеп отырған ата-аналардың назарына! Бұл вируспен күресудің жалғыз жолы – вакцина. Жатыр мойыны обыры Қазақстанда 25-44 жас аралығындағы әйелдер арасында жиі кездесетін қатерлі ісік түрінен 2-орында. Жыл сайын 600, күн сайын 2 әйел жатыр мойыны обырынан көз жұмады. Бұл статистикаға қарап, бірінші кезекте ана ретінде қатты уайымдадым. Сондықтан бірінші кезекте дұрыс ақпаратпен бөліскім келді. МИФтерге алданбаңыздар!", – деп жазды журналист.

Алайда, медиаменеджер Самал Ибраева Ләйләның жазбасын сынға алып, оның тапсырыспен жазылғанын айтты. Ол Қазақстандағы медицина деңгейі мен жемқорлық мәселелеріне назар аударып, инфлюенсерлердің мұндай тақырыптарда жауапкершілікпен әрекет етуін сұрады.

“Дәл осындай тақырыптарда үгіт-насихат жүргізу артық деп ойлаймын. Қазақстандағы медицина деңгейін, жемқорлықты көріп отырмыз. Біз, қыз өсіріп отырған қауым, қорқамыз. Сенбейміз. Дәл Еуропада, Америкада тұрсам, вакцина алар ма едік? Ал бізде, жоқ, ала алмаймын. Жалпы инфлюенсерлер тапсырыс алдық екен деп ала жүгірмей, кейде сараптасаңыздар екен", – деген пікір білідрді медиа маманы.