Қарағандыда 5 қазан күні № 3 көпсалалы ауруханада (онкодиспансер) ашық есік күні өтеді. Іс-шара бас және мойын ісіктері туралы хабардар болу апталығы аясында өткізілмек.
Мамандар барлық ниет білдірушілерге тегін бақылау жүргізеді. Олар сондай-ақ тұрғындарды онкологиялық жағдай туралы хабардар етеді және бұл ісіктерді ерте диагностикалау неліктен маңызды екенін хабарлайды.
Қабылдау уақыты: 09:00-ден 13:00-ге дейін.
Қарағанды қ. № 3 көпсалалы аурухананың мекенжайы: Қ. Аманжолов к-сі, 189 (емхана, оң жақтағы бес қабатты үйге кіру керек).