BANNER

Қарағанды облысында 650 учаскеде референдум өтуде

Суреттер: облыс әкімдігінің сайтынан

Қарағанды облысында атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдум 650 учаскеде өтуде. Тізімде тіркелген 760 мыңнан астам тұрғын дауыс бере алады.

Учаскелердің негізгі бөлігі таңғы 7-де ашылды және 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Бірақ кейбіреулер өз жұмысын бір сағат бұрын бастады: сағат 6:00-де. Бұл кәсіпорындардағы вахталық жұмыс әдісімен және әскери бөлімдердегі қызметтің ерекшелігімен байланысты. Облыс бойынша осындай 10 учаске бар - Қарағанды, Шахтинск, Теміртау, Қарқаралы және Нұра аудандарында.

Мүгедектігі бар адамдар үшін жағдайлар қамтамасыз етілді, олар үшін инватакси қызметі ұйымдастырылды. Учаскелерде пандустар мен арнайы жабдықталған кабиналар қарастырылған. Есту қабілеті нашар адамдарға сурдоаудармашылар көмектеседі.

Референдум өткізуге 664 комиссия: облыстық, аумақтық және учаскелік комиссиялар жұмылдырылды.

Дауыс беру процесін тәуелсіз бақылаушылар – қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қадағалайды.

Естеріңізге сала кетейік, бюллетеньде бір ғана сұрақ болады: "Сіз Қазақстанда атом электр станциясының құрылысымен келісесіз бе?” деген.