BANNER

Қарағанды облысының әкімі референдумда дауыс берді

Суреттер: облыс әкімдігінің сайтынан

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев АЭС салу мәселесі бойынша референдумда дауыс берді. Өңір басшысы Кеншілер мәдениет сарайындағы № 17 учаскеде өз дауысын берді.

- Біздің учаскеде 2201 адам тіркелген. Белсенділік бар, адамдар таңертеңнен келіп, дауыс беріп жатыр. Осы сағатқа дейін референдумға қатысқан ең егде дауыс берушіміз 90 жастағы кейуана, - деді № 17 учаске төрағасы Ерлан Құлымбетов.

Дауыс беру процесін тәуелсіз бақылаушылар бақылайды.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысында дауыс беруге арналған 650 учаске жұмыс істейді. Референдумға қатысушылардың тізімінде 760 мыңнан астам тұрғын тіркелген.