Еліміздің әр өңірінде Республикалық референдум қарқынды жүріп жатыр. Қарағанды тұрғындары да дауыс беруге белсене ат салысуда. Қарағандылық қоғам белсендісі, саяси науқандарға белсене араласатын Майра Абдрахманова әр адамның дауысы маңызды екенін атап өтті.
" Мен бүгін өзімнің конституциялық құқықымды пайдаланып таңғы 9:00-да дауыс беруге келдім. Бұл референдум елімдегі ең маңызды оқиғалардың бірі деп ойлаймын. Сайлау учаскелерінде дауыс берушілерге барлық жағдай жасалған. Мүмкіндігі шектеулі жандарға үйде отырып дауыс беру жағы да қарастырылған. Сайлау комиссиясы да өз деңгейінде жұмыс істеп жатыр. Еліміздегі, шетелдегі ҚР төл құжаты бар әрбір азаматты референдумға ат салысуға шақырамын. Әрбір дауыс маңызды! ", -дейді Қарағандф облысы бойынша "PARASAT" тәлімгерлер ҚБ жетекшісі Майра Абдрахманова.