BANNER

Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты басталды

Сурет: ҚР ҰОК

Бүгін, 7 қазанда, Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Оған 26 елден 210 спортшы қатысады.

Чемпионатқа ұлттық құрама сапында келесі спортшылар қатысады:

- Кирилл Герасименко;

- Алан Құрманғалиев;

- Искандер Харки;

- Айдос Кенжеғұлов;

- Санжар Жұбанов;

- Сарвиноз Миркадирова;

- Зауреш Акашева;

- Анастасия Лаврова;

- Анель Бақыт;

- Ангелина Романовская.

Жүлделер ерлер және әйелдер арасындағы жекелей сын, командалық, сонымен бірге жұптық және аралас сындар бойынша сарапқа салынбақ.

Жарыс BEELINE ARENA Ұлттық теннис орталығында өтіп жатыр. Көрермендер үшін кіру тегін. Чемпионатты тікелей эфирде Qazsport телеарнасы көрсетеді. Жарыстар күнделікті таңғы сағат 10:00-де басталады. Чемпионат 13 қазан күні аяқталады.