BANNER

Танымал композитор Арман Дүйсеновтің ұлы өмірден өтті

Фото: марқұмның жеке парақшасынан алынды

Қазақстанның белгілі композиторы марқұм Арман Дүйсеновтің ұлы Абылай Арманұлы қайтыс болды. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Суық хабарды тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы мәлім етті.

“Соңғы болған оқиғаларды естіп, жүректен жүрек қалмады. Көңілім құлазып отыр. Бүгін тіпті Арман Дүйсеновтің ұлы қайтыс болды деген хабарды естіп, отбасына қайғыра көңіл айтамын! Бекем болыңыздар. Алла бәріне ғұмыр сыйласын. Қазақта "аталатсаң да, боталатпа" дейді. Анасына өте ауыр. Бекем болыңыз! Осы Кеңсай зиратында Қайрекең мен Арман Дүйсенов қатар жатыр. Ол кісі екеуіне құран бағыштадық деп фото, видео жіберіп тұрады. Рақмет, сізге!", – деді журналист. 

Айта кетейік, әнші Индира Елемес марқұм композитор ұлын қатты жақсы көргенін айтқан еді. 

“Арман аға отбасын қатты жақсы көретін. Қызы Лондонда оқитын еді, соны уайымдайтын. Бір күні “Ұлым Абылай менің орнымды басады. Ол менің ізімді жалғастырады. Айсұлу да керемет келіншек. Сол қалпында жақсы көремін” деп айтты. Сол кезде кететінін сездірді. Бірақ біз тыйып тастап отырдық”, – деген еді өнер иесі.