Мемлекет басшысының жарлығымен Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Берік Әбдіғалиұлы енді Ұлытауды басқармайды. Ол облысты 2022 жылдың 11 маусымынан бері басқарып келеді. Облыстың өзі 2022 жылы 8 маусымда құрылған.
Әбдіғалиұлы бұған дейін 2019-2021 жылдары Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі болды. 2021-2022 жылдары мәжіліс депутаты қызметін атқарды.