BANNER

Қарқаралы ауданында табиғи өрт толық сөндірілді

Фото: Қарағанды облысының әкімдігі сайтынан

Қарқаралы ауданында құтқарушылардың 6 қазаннан бастап күрескен ауқымды дала өрті сөндірілді. Бұл туралы Қарағанды облысының ТЖД хабарлады.

"Қатты екпінді жел мен өрттің ауқымдылығына қарамастан, құтқарушылар өрттің жеті елді мекенге және 33 мың бас мал бар және 1,5 мыңнан астам адам тұратын 11 шаруа қожалығына таралуына жол бермеді. Сондай-ақ, ТЖМ құтқарушылар тобы өрттің Егіндібұлақ ауылы аумағындағы Кувск шаруашылығының орман қорының аумағына таралуына жол бермеді", – делінген хабарламада.

Дала өртінің нақты ауданы анықталуда. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін өрттің ауданы 35 мың га құраған болатын.

Қарағанды облысының әкімдігі