Қазақстан құрамасы 2025 жылғы жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Испаниямен сырт алаңда ойнады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Командалардың бастапқы құрамы:
Испания U-21: Кампос, Санчес, Фрэнсис, Ибаргин, Лопес, Турриентес, Торре, Лопес, Наварро, Моро, Фернандес Регатильо;
Қазақстан U-21: Анарбеков, Кургин, Широбоков, Қалмырза, Қасабулат, Назымханов, Кенжебек, Қылдыбеков, Байбек, Абдулла, Свиридов.
Қазақстандық команда Ғалымжан Кенжебектің арқасында есеп ашты. Бірақ үзіліске дейін Испания жауап ретінде төрт гол соғып тастады. Екінші таймда Кенжебек дубль жасады, қорытынды есепті Данил Анкудинов тіркеді – 4:3.
15 қазанда Қазақстан өз алаңында Шотландияны қабылдайды.
Испания U-21 – Қазақстан U-21 4:3 (4:1)
Гол соққандар: Кенжебек 12 (0:1), Фернандес 15 (1:1), Турриентес 20 (2:1), Фернандес 23 (3:1), Фернандес 44 (4:1), Кенжебек 68 (4:2), Анкудинов 76 (4:3).