BANNER

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті Ұлттық рейтинг көшбасшыларының үштігіне енді

-

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттіктің (IQAA) Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары – 2024 ұлттық рейтингінің қорытындысы бойынша, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Әуезов атындағы ОҚУ-дан кейін үшінші орынды иеленді. Көпсалалы жоғары оқу орындарының институционалдық рейтингіне 16 оқу орны қатысты.

Сондай-ақ, агенттік білім беру бағдарламаларының рейтингін дайындады. Биыл алғаш рет докторантура бойынша білім беру бағдарламалары сараланды.

Рейтингке қатысқан Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ-дың 115 білім беру бағдарламасының 79-ы жүлделі орындарға ие болды: бакалавриат – 46 (72 қатысушының ішінен), магистратура – 24 (33-тен), докторантура – 9 (10-нан).