Қарағанды облысы, Ұлытау облысы және Жамбыл облысы Шу ауданындағы жалпы орта білім беру ұйымдарының 7, 8, 9, 10 сынып оқушылары арасында «Туған жерге қамқорлықпен» экомарафонының экологиялық жобалар байқауына өтінімдер қабылдануда.
Байқау мектеп оқушыларын ғылыми-зерттеу қызметімен айналысуға ынталандыру, экология мен қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығына қоғамның назарын аудару мақсатында өткізіледі. Біз сондай-ақ экологиялық жобаларға қызығушылық танытатын өңірдің дарынды оқушыларына қолдау көрсеткіміз келеді, - дейді Байқауды ұйымдастыру комитетінің төрағасы, «Ustaz Ulytau» педагогикалық трансформация орталығының «Ғылыми жобалар және конкурстар» бөлімінің жетекшісі Шынар Какенова.
Байқауға қатысуға өтінімдерді 15 қараша 2024ж. дейін қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде (таңдау бойынша) беруге болады. Байқауға Қарағанды облысының әр мектебінен бір команда қатыса алады. Команда құрамында 5 оқушы болуы тиіс, әр командада бір ғылыми жетекші болуы тиіс.
Байқау 2 кезеңнен тұрады:
• 1 кезең – 30 қыркүйек пен 15 қараша 2024 жыл аралығында жобаларды ұсыну.
• 2-кезең – 3 - 11 желтоқсан 2024 жыл аралығында байқаудың финалы.
Жеңімпаздарды марапаттау 3-11 желтоқсан аралығында Қарағанды, Балқаш, Шу және Жезқазған қалаларында өтеді.
Байқаудың ұйымдастырушылары «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС және «The Ulytau Educational Foundation» Қайырымдылық қоры» Қоғамдық қоры.