Сенат депутаттары баспана кезегінде басымдық берілетін санаттарды кеңейтуді ұсынды, деп хабарлайды Life09 ақпараттық агенттігі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Бүгін жоғары палатада тұрғын үй саясатын реформалауға қатысты заң жобасы қаралды. Құжатқа сәйкес, баспана кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтардың бірнеше санатына басымдық беру қарастырылған. Олар:
ҰОС ардагерлері;
жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар;
мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
көпбалалы аналар мен көпбалалы отбасылар;
I және II-топ мүгедектері.
Сенат депутаттары осы тізімге ҰОС ардагерлеріне теңестірілген және өзге елде әскери іс-қимылға қатысқан ардагерлер мен олардың жесір әйелдерін енгізуді ұсынды. Тізімге енген адамдарға бөлінген тұрғын үйдің жалпы көлемінің кем дегенде 70 проценті беріледі.