BANNER

Қарағанды облысында Республика күні қарсаңында тағы бір ДСК ашылды

Қарағанды облысының әкімдігі

Абай ауданының Топар кентінде заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Бұл Республика күніне орай тұрғындарға арналған сыйлық.

Жергілікті халық осыған дейін бірнеше рет спорт алаңын салуды сұрап, оның ашылуын тағатсыздана күткен.

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев абайлықтарды келе жатқан мерекемен құттықтады.

– Президент өз Жолдауында бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығын тағы да атап өтті. Біздің өңір де осы бағытта белсенді жұмыс істеуде. Жыл сайын бізде спорттық нысандар көбейіп келеді, – деп атап өтті өңір басшысы. – Абай ауданының тұрғындары үшін спорт әрқашан маңызды болды және Топар кентіне бұл кешен ерекше қажет. Спортпен шұғылдану үшін қажет нәрсенің бәрі бар: кең ойын залы, күрес және жаттығу залдары, жаттықтырушыларға арналған бөлмелер, душ бөлмелері және басқа да ыңғайлы жабдықтар.

Облыс әкімі бұл кешен жастар жиналатын орынға айналатынына және оның қабырғасында жаңа чемпиондар тәрбиеленіп шығатынына сенім білдірді.

Жаңа ДСК "Ауыл – Ел бесігі" арнайы жобасы бойынша салынды.

– Біздің кентте 10 мыңнан астам адам тұрады, оның 30%-дан астамы спортпен белсенді айналысады. 

ДСК-де баскетбол, волейбол, үстел теннисі, гір спорты, қазақ күресі және фитнес болады. 

Спорт кешені толық жабдықталған: медициналық пункт, спортшыларға арналған демалыс бөлмелері, спорт залдары, әдіскерлер кабинеттері және т. б. бар. 

18 жасқа дейінгі спортшылар мен мүгедектер үшін сабақтар тегін. Студенттерге - абонементке 50% жеңілдік, – деді спорт ғимаратының меңгерушісі Ғалия Мәлікқызы.

Топар әлемдік аренада елді әйгілі еткен спортшыларымен танымал. 

Олардың қатарында паралимпиадалық жүзуші Андрей Афанасьев, ауыр атлет Данияр Сейсенов, пауэрлифтер Қайрат Ісжанов, полиатлоншы Әмірлан Имашев және тағы басқалар бар. 

Болашақта атақты спортшылар қатары кеңеюі мүмкін.

– Мен қазақ күресімен жеті жыл айналысамын. Жасым 14-те. Осы ДСК ашылып жатқанына біз өте қуаныштымыз. Енді біз аптасына екі рет қана дайындалып қоймай, жиі жаттығатын боламыз. Әкімге және осы нысанды салған адамдарға көп рақмет айтамыз. Алдағы уақытта Қазақстан және әлем чемпионы боламыз деп үміттенеміз, – дейді Нұртөре Еренғайып.

Жалпы, Абай ауданында бұқаралық спорт дамып келеді. 113 спорт нысаны жұмыс істейді. 

Мүгедектігі бар адамдар үшін қол жетімді орта құрылады. Жыл сайын аудан тұрғындары спорттық жарыстарға қатысуда. 

Жыл соңына дейін Абайда бокстан екі ірі республикалық турнир жоспарланған.