BANNER

Бүгін – Республика күні

Фото: Life09

Тарихқа көз жүгіртсек, 1990 жылдың 25 қазаны мемлекетіміз дәуіріндегі ерекше дата болғаны сөзсіз. Бұл күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен тарихи құжат – «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылданды. Бұл құжат Қазақстанның нағыз тәуелсіздігіне апаратын құқықтық бастама болды.

 

Егемендік декларациясы – халқымыздың жан-жақты әрі ұзақ жылғы күресінің нәтижесі. Оны қабылдау арқылы мемлекеттік саяси-құқықтық негіздер бекітілді. Бұл – жеке территория, азаматтық, әскер, бюджет, халықаралық қатынастардағы дербестік. Сондай-ақ болашағымызды айқындау еркі өз қолымызға тиді. Бір сөзбен, бұл құжат әлем картасындағы жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасының негізін қалады.