Еркін күрестен Қазақстан командасының өкілі Ризабек Айтмұхан Тирандағы (Албания) әлем чемпионатында алтыннан алқа тағынды, - деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.
Ол 97 келіге дейінгі салмақта финалда жеңіске жетті.
Оның қарсыласы ирандық Махди Морафа болды. Ризабек жекпе-жекте 11:6 есебімен айқын жеңіске жетті.