BANNER

Қызылту ауылында заманауи медициналық пункт ашылды

Қарағанды облысының әкімдігі

Қарқаралы ауданының Қызылту ауылында жаңа медициналық пункт іске қосылды. Мұнда алғашқы жедел жәрдем кабинеті жабдықталған, сонымен қатар физиокабинет, дәріхана және т. б. бар.

Қызылтуда 300-ге жуық адам тұрады. Енді ауыл тұрғындары жергілікті жерде білікті медициналық көмек ала алады.

Медициналық пункт қажетті жабдықтармен жабдықталған. Ғимараттың айналасы абаттандырылған.

Жаңа медициналық мекеме "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы бойынша ашылды. Қарағанды облысында осы жоба бойынша қазір 27 нысан салынуда.