BANNER

Қанат Шарлапаев қызметтік көлігін Қазақстанда құрастырылған автокөлікке ауыстыруға уәде берді

gov.kz

Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев қызметтік көлігін Қазақстанда құрастырылған автокөлікке ауыстыруға уәде етті. 

Тілші министрге “Неге Қазақстанда жасалған көлікпен жүріп, отандық өнімді қазақстандықтар арасында жарнамалмайсыз?” деген сұрақ қойды.

“Шынында, сөзіңіздің жан бар. Қазақстанда жасалған автокөлікке ауысу керек. Мен көлігімді ауыстырып берулерін сұраймын. Бұған дейін Қазақстанда құрастырылған Elantra көлігімен жүрдім, бірақ қызметімді ауыстырғаннан кейін оны өзгерткен жоқпын. Енді мен отандық көлікке ауысамын. Меніңше, бұл сұраққа “не берсе, сонымен жүремін” жауап бергенім дұрыс”, – деді Қанат Шарлапаев.

"300 миллион теңгеге жуық қаражат жұмсалған": Шарлапаев Құрылыс кодексін әзірлеу кезінде ақша ұрланды деген айыптауларға жауап берді

"50 пайызын мемлекет субсидиялайтын бағдарламалар бар": Өнеркәсіп министрі үй ала алмай жүрген қазақстандықтарға кеңес берді

Бұған дейін Қанат Шарлапаев құрылыс кодексі үшін кімдердің жазаға тартылғаны туралы айтты.