Талғар қаласының прокуроры болып Ерлан Тағаев тағайындалды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
30 қазанда Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары Дамир Катаев Талғар ауданының прокурорын таныстырды. Бұған дейін Талғар ауданының прокуроры қызметін Ескендір Бекманов атқарған.
Ерлан Тағаев осыған дейін Алматы облысының, кейін Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының прокуратурасында қызмет етті.
Тағаев Талғар ауданының прокуроры болып тағайындалғанға дейін Курчатов қаласының прокуроры қызметін атқарған, сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысының түзеу мекемелерінде заңдылықты қадағалау жөніндегі мамандандырылған прокурор қызметін атқарған, сондай-ақ Күршім, Аягөз, Абай, Жаңасемей, аудандарында прокурор болған.
Айта кетейік, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмған еді. Бұл қоғамда үлкен резонанс тудырған.
Бұған дейін Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры лауазымынан босатылған еді. Шерзаттың ата-анасы әкімдік пен аудандағы құзырлы орган басшыларының қызметінен кетуін талап етті. Осыдан соң Хутордың өкілі делінген Хасанның ағасы, Талғар ауданының әкім аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев қызметінен кетті.