Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевқа сөгіс жариялады, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі.
Әкімге сөгіс жариялауға Саран қаласында жылу беру маусымының дұрыс жүргізілмеуі себеп болды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевқа жылу беру маусымына дайындық барысын дұрыс бақыламағаны үшін сөгіс жариялады», - деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.
Еске салайық, Саран қаласында жылу беру маусымы кеш басталып, оған жылу беруі тиіс жаңа қазандықтағы бірқатар мәселелердің анықталғаны себеп болған.