BANNER

Қарағандыда мал ұрлығына қарсы қойылған бекетте ұрланған жылқылар анықталды

Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі

2-ші қараша күні таңғы сағат 4-тер шамасында, Қарағанды қаласына кіре берісте орналасқан мал ұрлығына қарсы бекетте тұрған полиция қызмектерлерімен 57 жастағы азаматтың басқаруындағы КамАЗ автокөлігі тоқтатылды.

Көлік ішінде жүргізушімен қоса 57 жастағы азамат және оның 29 жастағы ұлы болған.
Полиция қызметкерлерімен көлікті тексеру барысында көлікте 40 бас жылқы  болды. Жүргізушінің айтуынша жылқылар 57 жастағы жолаушыға тиесілі екен, алайда тексеріс кезінде жылқылардың нақты оған тиесілі екенін анықтайтын құжаттары болмады. Олар жылқыларды Ақтоғай ауданына қарасты қыстақтардың бірінен қалаға сатуға әкеле жатқаны анықталды.  
Нақты жылқылардың кімге тиесілі екенін анықтау мақсатында көлік полиция бөліміне жеткізілді. Криминалдық полиция қызметкерлері жылқыларды суретке түсіріп, Ақтоғай аудандық полиция бөліміне жолдап, кейін олар ауыл тұрғындары отыратын ватцап чатқа таратқан. 
Ватцап чатқа таратылған фотолардың нәтижесінде аудан тұрғындарының жылқысын бағатын бақташы өзіне тиесілі екі жылқыны таныды.
Қазіргі уақытта барлық жылқылар Үштөбе ауылындағы үйлердің бірінің қорасына түсіріліп, ол жерге полиция қызметкерлері күзет қойды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшылары қылмыстық істің негізінде басқада жәбірленушілерді және қылмысқа қатысты тұлғаларды анықтау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізуде.