Жастар арасында кеңінен танымал блогер Дархан Жолшыбеков некесіз туған қызын мойындап, оған су жаңа көлік пен пәтер сыйлады. Басы дауға қалған желі жұлдызы қателік жібергенін айтып, енді барынша қызына көңіл бөлетінін алға тартты, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Nur.kz-ke сілтеме жасап.
Дархан Жолшыбеков қызымен алғаш кездескен сәтті Instagram-дағы парақшасында көрсеткен. Блогер тұңғышын көру үшін арнайы Жезқазған қаласына ұшып келген. Әкесі мен перзентінің алғашқы кездесуі автосалонда орын алған.
Желі жұлдызы қызы мен оның анасын шақыртып, сол жерде оларға су жаңа көліктің кілтін табыстады.
"Бұл Жолшыбек Айша Дарханқызы. Айшаның анасы қазір тұрмыстағы адам, бір үйдің келіні. Өзін түсірмей-ақ қоюйын өтінді. Айшаны апарасың, өз жұмыстарың бар. Бұл көлік таза саған", - деді Дархан Жолшыбек.
Блогер қызына Астана қаласынан екі бөлмелі пәтер сыйлап, оның емі мен керек-жарағына қомақты қаражат берді.