BANNER

"Сөзбен жеткізу мүмкін емес": Мейрамбек Бесбаев Райм туралы қандай ойда екенін айтты

Фото: Видеодан кадр: Instagram/m_besbaev

Бірер күн бұрын Алматыда дүркіреп өткен Раймның концертінен кейін эстрада жұлдызы Мейрамбек Бесбаев желіде жазба жариялап, Ерке Есмаханның күйеуі туралы ойын айтты. "МузАрт" әншісі сол кеште көпшлікке тосынсый жасап, Райммен бірге дуэт орындаған, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Мейрамбек Бесбаев Раймның өнері мен еңбекқорлығына жоғары бағасын берді. Эстрада жұлдызы оған деген асқан сыйластығын білдіріп, ағалық ақ тілегін жолдады. 

"Кейінгі жастардың ішінде шоқтығы биік, әуезі де әні де ерекше, талантымен талайды таң қалдырып жүрген Райымның Алматыдағы кеші өте жоғарғы деңгейде өтті. Алып мегаполистің төріндегі 15 мың адамдық Алматы аренаның атмосферасын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Жарайсың, бауырым. Бұл сенің күнді күнге , түнді түнге жалғап еткен тынымсыз еңбегіңнің жемісі. Адамның аурасы жақсы болса жұмыс та нәтижелі болмақ. Біздің дует елге ұнап жатса бұл сенің кіршіксіз көңілің мен таза жаныңның жемісі. Осы жолдан айныма", - деп жазды Мейрамбек Бесбаев Instagram-дағы парақшасында.