BANNER

Қарағанды облысы жұмысшы мамандар дайындау орталығына айналады

Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды облысында өнеркәсіп, құрылыс және энергетика салаларында өнім шығаратын 1000-нан астам кәсіпорын бар, оларда 200 мыңға жуық жұмысшы еңбек етіп жүр.

Бүгінгі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осыны айтқан Ермағанбет Бөлекпаев Қарағанды облысын жұмысшы мамандықтарды дайындау бойынша жетекші орынға шығару ниеті бар екенін жеткізді.

«Келесі жылды Мемлекет басшысы «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялағаны – біздің өңір үшін аса маңызды. Өңір жастарының 60%-ы түрлі кәсіпорындарда жұмысшы болып еңбек етіп жүр. Сондықтан Қарағанды облысын елдің жұмысшы мамандықтар дайындау орталығына айналдыруды жоспарлап отырмыз» деді әкім. Ең бастысы, өңірде бұған қажетті барлық жағдай бар: қалыптасқан орта-кәсіптік білім беру тәжірибесі, тарихы бай колледждер желісі, білім мен тәжірибені үйлестіру үшін өндіріс кәсіпорындары және білікті оқытушылық кадрлар бар.

Қазірдің өзінде кәсіптік-техникалық колледждер жүйесін жаңарту жұмыстары басталды. Колледждер енді білім берудің 8 басым бағытына бейімделеді.