Таңертең Осакаровка ауданында, Степное ауылынан 10 шақырым жерде жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойған.
Құтқарушылар дереу оқиға орнына жетті. Қалып қалған 1 көлік пен оның ішіндегі 7 адам, оның 5-і бала қар құрсауынан шығарылды. Оларға медициналық көмек қажет болмады. Азаматтар жақын маңдағы елді мекенге дейін жеткізілді.
Төтенше жағдайлар департаменті облыстың барлық тұрғындарына қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.
Аса қажет болмаса, елді мекендерден тыс жерлерге шықпаңыздар.
Төтенше жағдайлар қызметінің ресми сайттарында және бұқаралық ақпарат құралдарында ауа райы жағдайының өзгеруін, облыс жолдарындағы қозғалысты шектеуді бақылаңыздар.