BANNER

Қазақстанда өнеркәсіп нысандарына қарағанда сауда үйлері екі есе көп салынады

CC0 / Michal Jarmoluk /

Қазақстанда өнеркәсіп кәсіпорындарына қарағанда сауда үйлері екі еcе көп салынып келеді, деп хабарлайды Life09 ақпараттық агенттігі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл тоғыз айда Қазақстанда 2,3 мыңға жуық нысан салынды: түрлі кәсіпорындар, дүкендер, логистикалық және инфрақұрылымдық ғимараттар мен құрылыстар, мектептер, ауруханалар және т.б. пайдалануға берілді.

Өткен жылдың алғашқы үш тоқсанымен салыстырғанда құрылтайшылардың жаңа нысандарға жұмсаған шығыны 688 млрд теңгеге, яғни 56,9%-ке ұлғайды.

Пайдалануға берілген тұрғын үйге жатпайтын ғимараттардың небәрі 7,7%-і жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындар, жалпы саны – 175. Олардың ішіндегі ең капитал сыйымдылығы мұнай өндіру және мұнай өңдеу саласында – 49, құрылыс материалдарын өндіру секторында - 21, сондай-ақ энергетикада – 5 нысан.

Сондай-ақ, азық-түлікті қайта өңдеу, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу, жиһаз, өнеркәсіптік жабдықтар және химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру нысандары бар.

Үш тоқсанда 415 сауда нысаны ашылған, бұл өнеркәсіптік кәсіпорындардан 2,3 есе көп. Айта кетері, бұл көрсеткіш бірнеше жылдан бері өзгермей тұр.

2018 жылы 1,3 мың саудан нысаны ашылған, бұл ең көп көрсеткіш, ал 2020 жылы сауда нысандары аз ашылған, жалпы саны – 679.

2021 жылдан бастап салынып жатқан дүкендер мен сауда ойын-сауық орталықтарының саны жыл сайын 5% -19%-ке артып жатыр.