BANNER

Енді студенттерді оқуына қарамай әскерге алып кетуі мүмкін

Фото: freepik.com

Студенттерді оқуына қарамай әскерге алып кету туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Әскерге шақыруға байланысты заңға өзгерістер енгізілуі мүмкін. Заң жобасына сай, оқуға байланысты әскерге баруды кейінге қалдыру қарастырылмақшы. Бұл жоғары оқудың келесі деңгейіне өтпестен әскерге бармау үшін қайта-қайта оқуға түсетіндерге қатысты. Әскери комиссариат енді олардың оқып жатқаны туралы анықтамасына да қарамайды. 

Оқуға байланысты әскерге баруды кейінге қалдыру бұрынғыдай қала береді. Бірақ 27 жасқа дейін келесі кезеңге өтпей бір жерде оқитындар оқуын тастап, әскерге баруға міндетті. 

Қолданыстағы заң бойынша азаматтар отбасы жағдайына байланысты, білім алуды жалғастыру үшін, денсаулығы сыр берсе, тағы басқа да себептерге байланысты әскерге шақыруды кейінгі қалдыра алады.