BANNER

Министр Аида Балаева Қазақстандағы сөз еркіндігі туралы пікір білдірді

тіл кеспек жоқ арнасынан

Қазақстан «Шекарасыз тілшілер» ұйымы әзірлейтін баспасөз еркіндігі индексінде 142-орында тұр. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бұл рейтингті мойындамайды екен. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі Тіл кеспек жоқ телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Рейтингтер де, бағалау әдістері де әртүрлі болады. Қай жерде шектеу болып жатыр? Ешқандай шектеу көріп тұрған жоқпын. Меніңше, Қазақстанда барлық БАҚ-қа белсенді дамып, жұмыс істеуге жағдай жасалған», — деді ол.

«Шекарасыз тілшілер» есебінде Қазақстанда баспасөз еркіндігі шектелетіні, билікке бағынбайтын журналистер қудалауға түсетіні жазылған.