Абай атындағы балалар кітапханасы 18–22 қараша аралығында Үндістан мәдениетімен танысқысы келетіндер үшін арнайы шара ұйымдастырмақшы. Әлемдік дәстүрді тануға бағытталған жаңа бағдарлама аясында бірқатар кездесулер өткізу жоспарланған. Кіру тегін.
«Қазір әлем мәдениетін тану маңызды. Бұл адамның дүниетанымын көзқарасын қалыптастырады. Біздің «Мәдениеттер тоғысы» жобамыз Италия, Жапония және Қытай дәстүрімен таныстырды. Алдымен қарағандылықтарға Үндістан атмосферасына еніп, танысу мүмкіндігін ұсынамыз», – дейді кітапхана өкілдері.
Бағдарлама:
* 18 қараша сағат 12:00-де – Үндістан мәдениет күндерінің ашылуы; Үнді ұлттық әні мен биі, танымдық викторина өтеді;
* 19 қараша сағат 14:00-де – "Йога әлемі" йогадан шеберлік шыңдауға болады;
* 20 қараша сағат 15:00-де – "Мехенди өнері" Хна көркем кескіндеме шеберлік сыныбы;
* 21 қараша сағат 15:00-де – "Үнді тағамдары" аспаздық сабағы;
* 22 қараша сағат 10:30-да – «Золотая антилопа» мультфильміннің көрсетілімі (Үнді ертегілері негізінде).
Апта бойы кітапханада кітап көрмесі мен Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейі ұсынған сурет көрмесі өтеді.
Кітапхананың мекенжайы: Бухар-жырау даңғылы, 30