Қарағанды облысында "Алматы - Екатеринбург" тас жолында жан түршігерлік жол апаты болды, бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі Қарағанды обдысының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
15 қараша күні сағат 10.00 шамасында "Алматы-Екатеринбург" тас жолында Құрма ауылына 2 шақырым жетпей "Тойота Альфард" автокөлігінің жүргізушісі алдын ала болжам бойынша көліктің басқаруына ие бола алмай қалып аударылған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жүргізуші және оның 6 жолаушысы оқиға орынында қайтыс болды. Сонымен қоса 12 жастағы жолаушы ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қарағанды облысының Полиция департаменті көлік жүргізушілерден жол жүру ережесін қатаң сақтап, жылдамдықты шектен тыс асырмауды сұрайды