BANNER

Ақтауда жігіт сүйіктісін аяусыз соққыға жықты

Фото: freepik.com

Ақтауда жігіт сүйіктісін аяусыз ұрып-соқты, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Abdulla_kzkz инстаграм парақшасында қыздың бұрынғы сүйіктісінен қорлық көріп жүргені туралы ақпарат тарады. Жантүршігерлік оқиға Ақтаудағы кафелердің бірінде болған. Қызбен сөйлесіп тұрған жігіт, кенет оны ұра бастайды. Кейін тепкінің астына алған. Бойжеткен бұндай жағдайдың бірінші рет емес екенін айтты. Ал, жігіт қыздың кетуіне жол бермей, қоқан-лоқы көрсеткен. Тіпті қызды қорғаған құрбыларын да қорқытып, мазасын алатын көрінеді.

«Қыздың ерні жыртылып, көзі ісіп, денесі көгеріп, өлім аузынан қалды. Құрбыларының айтуынша, жігіт бірнеше айдан бері қыздың ізінен қалмайды, аңдиды. Бірінші рет емес ұрғаны. Жәбірленуші талай арыз жазғанымен өңірлік полиция ешқандай шара қолданбайды. Себебі ол жігіттің органда жұмыс істейтін досы бар», - делінген инстаграм парақшада.