BANNER

Қарағандыда тұрғын үйде өрт шығып, бір адам көз жұмды

sputnik

Бес қабатты тұрғын үйде өрт болған. Өрт 20 шаршы метр аумақты шарпыған. Жиһаз, үй заттары және балконның ішкі ағаш қаптамасы жанған.

12 адам эвакуацияланды. Оның 5-еуі – бала.

Зардап шеккендер көміртегі тотығымен уланған. Олардың бірі көрсетілген көмекке қарамастан жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.

Өрт толығымен сөндірілді.