BANNER

Президент мемлекеттік сапармен Мажарстанға барды

Сурет: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстанға мемлекеттік сапармен барды. Мемлекет басшысын әуежайдан Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан қарсы алды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Сапар аясында мемлекет басшысы Мажарстан президенті Тамаш Шуйокпен және премьер-министр Виктор Орбанмен келіссөз жүргізіп, екі елдің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту перспективасын талқылайды.

Сонымен қатар, президент Мажарстанның ірі бизнес өкілдерімен кездесуді жоспарлап отыр.