BANNER

"9-сынып оқушысы едім": Мақпал Жүнісова "Гүлдер" ансамбліне қабылданған сәтін есіне алды

Фото: https://vk.com/m_zhunusova

ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова бала кезінен сыр шертіп, әнші болуға қадам басқан кезін есіне алды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Өнер иесі мектеп кезіндегі естелікті жеке парақшасындағы оқырмандарына айтып берді. 

“9-сыныпта радиоға жазылған Дүнгенбай Ботбаевтың әні "Ана" әнін радиодан тыңдаған "Гүлдер" ансамблінің сол кездегі директоры Қабиден Тұяқаев марқұм, менің қайда оқитынымды радиодан сұрап, 10-сыныпта "Гүлдер" ансамбіліне алдыртты. 10 шақты ән айтқызып, мектеп бітіргесін "Гүлдер" ансамбліне қабылдаймын деп еді. Ақыры 1981-жылы жұмысқа алды", – деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары әншінің оқушы кезін қызу талқылап жатыр. 

“Не деген тап-таза дауыс?!”, “Керемет архив табылған екен”, “Қайталанбайтын дара тұлға”, “Бала кездің бейнесі де ерекше екен”, “Ешқандай қиындық көрмеген, алдынан үміт оты жалындап шақырып тұрған кіршіксіз кезіңіз екен”, “Сізді 1982 жылы алғаш рет көргенмін, жіп-жіңішке арық едіңіз”, – деп жазды көпшілік.