BANNER

Қайырымдылық қорларын мемлекет бақылауы керек пе? Қаржы министрі пікір білдірді

Фото: SputnikKZ

Қаржы министрі Мәди Тәкиев қайырымдылық қорларын мемлекет тарапынан бақылауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Sputnik.kz-ke сілтеме жасап.

Бүгін мәжілісте журналистер Перизат Қайраттың ісінен кейін қайырымдылық қорларына қатысты қандай шаралар қолға алынатынын сұрады. Қаржы министрі Мәди Тәкиев мемлекет тарапынан бақылауды күшейту қажеттігін жеткізді.

"Иә, бүгінде бұл қор ғана емес, басқасы да ақшаны тиісті мақсатқа жұмсамауы мүмкін. Сондықтан мемлекет тарапынан оларға қатысты бақылау шараларын қолға алу қажет. Мен ақшаны мемлекет немесе бюджет арқылы аудару керек деп отырған жоқпын. Жалпы, бақылау болу қажет", - деді Тәкиев жалпы отырыстан кейінгі брифингте.

 

Айта кетері, бұған дейін мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жеке тұлғалар тарапынан қайырымдылыққа немесе көмекке ақша жинау бойынша арнайы жұмыс тобының құрылғанын айтқан. Олар нақты шешімдарді әзірлейді. Себебі қайырымдылық саласында алаяқтық фактілер де бар.