BANNER

Қазақстандық танымал дзюдошы мансабын аяқтады

Фото: ijf.org

Дзюдошы Жансай Смағұлов мансабын аяқтады. Ол енді жаттықтырушылық қызмет атқаратын болады, - деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі msports.kz сайтына сілтеме жасап.

Жансай Ақтөбеде өткен ел чемпионатына қатысқан жоқ. Соңғы рет наурыз айында Аустрияның Линц қаласында өткен Гран-при жарысында бірінші қарсыласын жеңіп, жарақатына байланысты кейінгі белдесуіне шыға алмаған еді. 

Ұлттық құраманың бас бапкері Нұрбол Сүлейменовтің айтуынша, қарағандылық балуанның жарақаты болып, оны емдеген. Енді жаттықтырушы ретінде өзін көрсетуді көздеп отыр.

"Жансай Смағұлов бұл турнирде күреспеді. Ол бапкерлік қызметке ауысты. Себебі Жансай жарақат алған еді, толық емделіп үлгермеді", - деді ұлттық құрама бапкері ҚР ҰОК сайтына берген сұхбатында

Жансай Смағұлов - Қарағанды облысы Шет ауданында дүниеге келген. Екі рет Олимпиада ойындарына қатысқан (Рио, Токио). Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Үш рет әлемдік Гран-приде топ жарған.