BANNER

Қарағанды облысында 30 жолаушысы бар автобус пен жеңіл көлік соқтығысты: 1 адам қаза тапты

pixabay.com

22 қарашада Қарағанды облысының 15-ші магистралінде 30 жолаушысы бар автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, 1 адам қаза тапты. 

Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 9:15-те "Лада Приора" автокөлігі мен "Ютонг" маршруттық автобусы соқтығысқан.

“Соқтығысу кезінде автобуста 30 жолаушы болған. Автобус жүргізушісі мен жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, қажетті сараптамалар тағайындалды”, – делінген хабарламада.

Оқиға салдарынан "Лада Приора" автокөлігінің жүргізушісі қаза тапты.