BANNER

Таразда оқушы қыз сыныптасына буллинг жасап, оны видеоға түсірген

pixabay.com

Таразда 14 жастағы қыз сыныптасына буллинг жасаған. Ол бұл әрекетін видеоға түсіріп, оны әлеуметтік желіге таратып жіберген. 

Іс Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сотында әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-2-бабы 3-бөлігі (Кәмелетке толмаған баланы қорлау (қорлау, киберқорлау) бойынша қаралды. Буллинг жасаған оқушының әкесі сот алдында жауап берді.

“2024 жылы қыркүйекте Тараз қаласындағы мектептердің бірінде С. есімді азаматтың 15 жастағы қызы Т. есімді сыныптасының заттарын шашып, сөмкесін тепкен. Сондай-ақ бұл әрекетін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған. Сотта ер өз кінәсін толық мойындап, алдағы уақытта мұндай әрекеттердің қайталанбайтынына сөз берді”, – деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметі.

Сот құқық бұзушылықтың сипатын, айыпталушының жеке басын, мүліктік жағдайын және жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, әкімшілік жаза ретінде ескерту жасады.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.