Отандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова көпшілікке өзін жаңа қырынан танытты. Өнер иесі Алматыда өткен сән апталығына қатысып, подиумға модель ретінде шықты, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Nur.kz-ке сілтеме жасап.
Жұлдыз Әбдікәрімова елордадан Алматыға арнайы сән апталығы үшін келген. Ол көпшілікке еліміздегі танымал дизайнердің жаңа топтамасын таныстырды.
Актриса подиумға жылан терісіне ұқсас матадан тігілген көйлекті киіп шығып, ел назарын өзіне аударды. Оған қоса сән көрсетілімінің соңында өнер иесі модельдердің шеруін бастап шықты.
Әншінің әйелі Instagram-дағы парақшасында аталмыш шарада түсірілген видеоны жариялаған.
Желі қолданушылары Жұлдыз Әбдікәрімованың мінсіз мүсіні мен асқан сұлулығына тәнті болған. Оқырмандар актриса өзін модель ретінде аса жоғары деңгейде көрсеткенін жазуда.
"Өте сұлу да өзіне сенімді ару", "Қадамдары нық деп осындайда айтады екен. Кәсіби модельден еш жері кем емес", "Не деген фигура, 4 баланың анасы деп кім айтады", "4 бала туған әйел де жас қыздай көрінетінін тағы да дәлелдедің", "Мүсінінде бір мін жоқ", "Жоғары деңгейде жүріп өтті. Не деген харизма, энергия", "Сөз жоқ, сұлусыз. Қарай бергің келеді", - деп жазуда көпшілік.